+7 (727) 267-28-83

05.10.2022 - 07.10.2022

Название:
7 қазан, сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогиясының тұсаукесері өтеді.
Дата:
05.10.2022 - 07.10.2022
Расположение:

Описание

Афиша7 қазан, сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толуына орай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогиясының тұсаукесері өтеді.

Туындының өн бойынан рухты қозғайтын сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар, мінез-құлықтық құбылыстар шынайы және кестелі түрде  көрсетіледі. Трилогияның құрылымы мен мазмұны күрделі, тарихи деректерге қанық шығарма үш-төрт ғасырды қамти отырып, қазақтың басынан кешкен хикметтерді сипаттаған эпопеяға ұласқан.

Бұл шығарма саяси иірімдерге бейімделген заманның шығармасы емес, ұлттық рухымыз бен намысымызды әйгілейтін Тәуелсіздіктің төл туындысы. Сондай-ақ, романның қоғамда тарихи сана қалыптастыруда елеулі рөл атқарары сөзсіз. 

 Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Ә.Ыбырайымұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қалам ұшығындағы ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Қатысушылар: белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері.