+7 (727) 267-28-83

фараб

2025 жылғы 17 сәуір, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ғылыми орталығында докторанттар мен магистранттарға ғылыми зерттеулер жүргізу және Scopus базасына енген журналдарға мақала жариялау жолдарын түсіндіру мақсатында “Ғылыми жолға қадам” атты дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...  

шархан

17 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда   Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Журналистика Академиясы сыйлықтарының иегері, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі,  белгілі публицист-жазушы Шархан Қазығұлдың «Шалахметов шеңбері» кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ...  

Оспанов

Бүгін кітапханада елімізге белгілі ақын, жазушы, филолог-ғалым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай облысының Құрметті азаматы Серікбай Оспановтың 80 жас мерейтойына орай «Сағындым Алматымды» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өтті.

Толығырақ...  

шыңжаң

Ұлттық кітап күні аясында 16 сәуірде Ашық есік күніне орай Қытай ғылым Академиясы Шыңжаң филиалының құжат пен ақпарат орталығы қызметкерлері ҚР Ұлттық кітапханасымен танысып,  Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының қорына «Мемлекет қорғауындағы Шыңжаң жабайы жануарлары», «Шыңжаңдағы сирек кездесетін өсімдіктері» атты кітаптарды сыйға тартты.

Толығырақ...  

70

Бүгін Н. Дәулетова атындағы залында белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толуына орай «Ғазалғұмыр» атты бенефисі  өтті.

Толығырақ...  

С.Мұқанов

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Қазақ КСР халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын С.М.Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

семинар

2025 жылғы 11 сәуірде  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, кітапханалық-ақпараттық ресурстар магистрі Д.Т. Дюсибаева және Ұлттық библиография қызметінің кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Л. Кривков «Память и наследие: роль библиотек в сохранении исторической памяти о Великой Отечественной войне» атты Қостанай облыстық вебинарына қатысты.

Толығырақ...  

фотосурет

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында КСРО және ЮНЕСКО Халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, Республикалық, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері, ардагер фотожурналист  Қалиғұмар Қабдешұлының мерейлі 85 жасына орай, «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дәурен Мақсұтханұлы құрастырған «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты ғұмырнамалық кітаптың таныстырылымы өтті.

Толығырақ...