+7 (727) 267-28-83

asyl

2019 жылғы 5 сәуір Н.Дәулетова атындағы залда қоғам қайраткері, дәрігер, «Алаш» қозғалысының белді мүшесі Сейітов Асылбек Жұманұлының туғанына 125 толуына орай еске алу кеші және Оразгүл Мұхатованың «Асылбек Сейітов – Тарихта қалған із» атты монографиялық кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

«Қазақстан кітаптары» оқу залында атақты жазушы, тарихшы-этнограф, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғариннің 80 жасқа толуына орай «Тарих ғылымының тамыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

salgarin

Қойшығара Салғарин 1939 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы, Жангелді ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 1964 жылы С.М.Киров  атындағы  Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің  (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика бөлімін бітірген.

Толығырақ...  

0001«Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Наурыз - көктем мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

tali

«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушылары Әбділда Тәжібаев және Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған көркем-суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Қазақстан кітаптары» оқу залында ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Қалдыбай Мамытбектің 80 жасқа толуына орай «Бауыржан әлемінің үмбеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.     

Толығырақ...  

2019 жылғы 6 наурызда Қытайдың мәдениет және әдебиет залында   «Пекин  операсы»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                            

pekin

Пекин операсы - Қытайдағы және әлемдегі дәстүрлі қытай операсының ең танымал түрлерінің бірі. XVIII ғасырдың соңында  пайда болып, XIX ғасырдың ортасында толыққанды қалыптасты.  Ол Қытайдағы ең ірі опера жанры болып табылады және репертуарлар,  актерлер, труппалар мен көрермендер саны бойынша бірінші орын алады.

 

Толығырақ...  

2019 жылғы 6 наурызда Әлем әдебиеті залында орыс прозашысы, журналист, ақын және сценарист, қоғам қайраткері Искандер Фазиль Абдулович 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

iskander fazil 8Ол 1929 жылы 6 наурызда Сухуми қаласында дүниеге келген.  Абхазиядағы орыс мектебін алтын медальмен бітірді. Мәскеу кітапхана институтына, қазір Мәскеу Мәдениет және өнер университетіне (МГУКИ) түсті.

Толығырақ...  

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Егемен Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған «Егемен Қазақстан: ғасырдан, ғасырға» атты  тұрақты көрмесі ұйымдастырылды.

egemen

«Егемен Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті еліміздегі ең көне және ең танымал   басылымдардың бірі. Газеттің бірінші нөмірі 1919 жылы Орынбор   қаласында «Ұшқын» («Искра») атауымен жарық көрді.

Толығырақ...  

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.