- Подробности
- Автор: editor
ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Жетісу жыршылық мектебін жалғастырушы, фольклор жинаушы, сазгер, қазақ өнеріне тың туындыларымен таныс, өзіндік қолтаңбасы бар өнер иесі Әбіш Әділбек Баймұханбетұлы «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» кітабы мен «Елдік пен ерліктің шежіре жырлары» атты CD-ROМ-ын сыйға тартты. Сазгердің бұл туындылары Сақ, Ғұн, Түрік Қағанаты дәуірі және Жоңғар шапқыншылығы мен Патшалы Ресей кезіндегі жыраулар сөзінен сыр шертеді.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Қазақ КСР халық әртісі, опера әншісі Зейнеп Қойшыбаеваға арналған «Қазақстанның халық әртісі Зейнеп Қойшыбаеваның туғанына 85 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
28 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда халықаралық антиядролық қозғалыстың құрылғанына 33 жыл толуына орай «Невада-Семей» ардагерлері мен белсенділерінің дөңгелек үстелі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
28 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі А.К. Рахимова көрнекті қазақ жазушысы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Дәуір дара тұлғасы» атты республикалық онлайн семинарға қатысты.
- Подробности
- Автор: editor
28 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі К.А. Бахина Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы мен Х. Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы балалар кітапханасының әлеуметтік-мәдени миссиясы» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысты.
- Подробности
- Автор: editor
Н.Дәулетова атындағы залда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – қасиетті Отанымыз: қасіретті Қаңтар оқиғасының сабақтары» атты мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанында Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан - бір ел, бір халық, бір болашақ» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 25 ақпанда Н. Дәулетова атындағы залда театр мен киноның танымал әртістері Айдос және Жібек Бектеміровтермен кездесу кеші және «Өнер қайығындағы екеу» кітабының тұсаукесері өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.