+7 (727) 267-28-83

1

2019 жылғы 27 қыркүйек, сағат 15.00-де Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Мәдениетті біріктіретін кітап»  атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада кітаптың қоғамдағы рөлі мен маңызы, бір тілден басқа тілге аударудың сапасы, сондай-ақ қазіргі заманғы аударма әдебиетінің қиындықтары мен мәселелері талқыланды.

Толығырақ...  

61163441 ff09 4ac6 8747 621566a3fd0c

2019 жылғы 26 қыркүйекте  ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың  «Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты Қазақстан Республикасы арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының І слеті басталды.

Толығырақ...  

DSC 0110

2019 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан тари­хын­дағы алғашқы әйел-ел­ші, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мын­дағы бірінші тұрақты Өкілі, ҚР Сыртқы іс­тер ми­нис­трлігінің ерекше тап­сырмалар бойынша Елшісі Арыстанбекова Ақмарал Қайдарқызымен кездесу өтті.

 

Толығырақ...  

IMG 12792019 жылғы 25 қыркүйекте Өзбекстандағы Ә.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан-Өзбекістан: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналды. 25-26 қыркүйек аралығында Ә.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасында қызмет жасайтын Орталық Азия бойынша IFLA/ПAK аймақтық орталығының жұмысы аясында «Шығыс кітаптарын қалпына келтіру» шеберлік сабақ өтті.

Толығырақ...  

IMG 1418

2019 жылдың  25-26 қыркүйегінде  Қазақстанның  Өзбекстандағы жылын өткізуге  орайластырылып, Өзбекстанның Ташкент қ. Әлішер  Навои  атындағы Ұлттық кітапханасында Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК Аймақтық орталығының жұмысы аясында "Шығыс кітаптарын қалпына келтіру" тақырыбында көшпелі шебер-класс өткізді.

Толығырақ...  

DSC 0001

2019 жылғы 24 қыркүйекте, 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық қолдау жөніндегі «Көшбасшылар трибунасы» жобасы аясында  «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, жазушы, журналист Айдарбекова Күлия Смайылханқызымен кітапханалық кездесу (журфикс) өтті.

 

Толығырақ...  

88

«Қазақстан кітаптары» оқу залында  Еңбек күніне орай «Ер дәулеті – еңбек»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Еңбек – адам өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа  құндылықтарды құруға бағытталған адамның іс-әрекеті.

Толығырақ...  

2019 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы Мысыр мәдениет және білім істері жөніндегі Атташе доктор Ранда Махмуд Ризк келді.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024