+7 (727) 267-28-83

китай26 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасына Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым және Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының мәдениет жөніндегі консулы Ван Цинпин мырза жұмыс сапармен келді.

Толығырақ...  

 DSC01982022 жылғы 22 сәуір, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Дін және дәстүр залында 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY – 2022»  мерекелік іс-шарасы аясында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжанның шығармашылық кеші өтті.

Толығырақ...  

комл

22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының қорына 23 сәуірде  атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY – 2022» мерекелік іс-шарасының аясында Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қыздары Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты таңдамалы шығармалары мен кітаптарын сыйға тартты.

 

Толығырақ...  

 DSC0274

22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY – 2022»  мерекелік іс-шарасы аясында  «Іскер ұрпақ – Ел тірегі» атты мотивациялық кездесу өтті.

Толығырақ...  

казахстаника

Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы, сондай-ақ Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY-2022» мерекелік іс-шарасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» романының кейіпкерлер әлемі» атты дөңгелек үстел өтіп, Ә.Нұршайықов стипендиясына арналған Байқау қорытындысы шығарылды.

Толығырақ...  

миравой

22 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында әлемнің 100-ден астам елінде жыл сайын 23 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOYʼ-2022» мерекелік іс-шарасы өтті.

Толығырақ...  

ауезов

22 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда кітап мерекесі аясында қазақтың ұлы жазушысы М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезовтің мұрасы және отаншылдық рухы» атты әдеби кеш өтті.

Толығырақ...  

Rfvfk«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында журналист, жазушы, академик, кинотанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері Смайылов Камал Сейтжанұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Ұшқыр ойлы қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Толығырақ...