- Подробности
- Автор: editor
11 ақпан күні сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті жазушы, прозашы, баспагер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаровтың 70 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кездесу және «Әлібек Асқаров» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
10 ақпанда соғыс ардагері, техника ғылымының кандидаты, 40-қа жуық ғылыми жұмыстың авторы және ғылым мен дипломатия саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған Хаиров Қартай Балахметұлы «Жизнь прожить...» атты кітабының бірнеше данасын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
10 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Ислам» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Реферативтік журналдың 7 сериясында: «Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер» мәдениет, филология, әдебиет, халық поэтикалық шығармашылығы, бейнелеу өнері, музыка және киноөнері, музыкатану, театр және театртану, сонымен қатар кітапхана ісі, кітапханатану, мұражай ісі және мұражайтану және басқа ғылымдардың теориясы мен жалпы мәселелері бойынша рефераттар ұсынылды.
- Подробности
- Автор: editor
ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, ақынның сөзіне жазылған әндердің аудиотранслациясын ұсынамыз.
«Ғашықпын» ән орынд. Тұрсынғазы Рахимов,
домбыра (күйт., Ташкент: Мелодия, 1986).
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері, ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челленджін бастайды.
- Подробности
- Автор: editor
Алматы облысы Іле ауданының Білім бөліміне қарасты мектеп кітапханаларының мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік мектебінен кітапхана ісі бойынша кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру курсынан өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Әлем әдебиеті залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.