- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 24 шілдеде Н.Дәулетова атындағы залда қазақ тілінің «МӘМІЛЕ» пікірталас клубының презентациясы өтті.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, «Мәміле» клубының директоры Қанат Ғалымұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады.
- Подробности
- Автор: editor
Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің 100- жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
«Знамя труда» - Жамбыл облысының әкімдігінің баспа органының орыс тілді газеті. Газет 1919 жылы тамызда Әулиеата атқару комитетінің және уездік комитетінің атынан шығып тұрды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 20 шілде Ермек Тұрсынов клубында жас қаламгер Мейіржан Жылқыбайдың «Батыр қоян», «Тауға саяхат» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шараны модератор белгілі журналист Есей Жеңісұлы жүргізді.
- Подробности
- Автор: editor
Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғалымдарға арналған залда металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Асқар Меңдіахметұлы Қонаевтың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 80 жылдығына арналған «Көп үнді құдірет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Республиканың еңбек сіңірген ұжымы, Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты Қазақ хор капелласы шығармашылық қызметін 1935 жылы бастады. Алғашында бұл шағын хор еді, оған композитор Дмитрий Дмитриевич Мацуцин жетекшілік етті. 1939 жылдың ақпан айында ол хор капелласы болып өзгерді.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 5 шілдеде әлем әдебиеті оқу залында «Ұлы француз жазушысы – Франсуа Рабле» атты жазушының 525 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Франсуа Рабле – (1494-1553) - белгілі жазушы, ғалым, философ, қоғам қайраткері. Ол Туренидегі Шинон маңында дүниеге келді. Әкесі Рабле – сот төресі, адвокат болып жұмыс істеді. 1511 жылы Рабле Пуатқа францискан монастырына берілді.
Онда теология, грек және латын тілдерін зерттеді. 1530 жылы Монпелье университетінің медицина факультетіне түсіп, көп ұзамай бакалавр дәрежесін алды. Рабле Гиппократтың трактаттарын зерттеді, медицина бойынша дәріс оқыды. 1532 жылы Пон-дю-Рон Лион госпиталінің бас дәрігері болды.
- Подробности
- Автор: editor
Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында облыстық «Сыр бойы» қоғамдық-саяси газетінің 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Өнер» бөлімінің оқу залында жырау, ақын Сүгір Бегендікұлының (1894-1974) 125 жылдығына арналған «Жыршылық өнер жүйрігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сүгір Бегендікұлы 1894 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Сүгірдің әкесі Меккеге екі рет барған қажы, діндар адам болған. Сүгір бала кезінде тоғыз жыл молдалардан дәріс алды. Әли Тауанның асына арналған жиында 27 жастағы Сүгір бүкіл елге әйгілі болды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.