+7 (727) 267-28-83

 

Қадыр Мырза Әлі (1935-2011) = Кадыр Мырза Али (1935-2011): библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Д.А. Қыстаубаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2015. - 316 б. - қаз., орыс тіл.

Көрсеткіш ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің 80 жасқа толуына арналған. Көрсеткіште 1954 жылдан бастап 2015 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Көрсеткіш әдебиет, мәдениет, өнер саласының қызметкерлеріне, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

Строки, опаленные войной: Каталог (Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған) / ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы кітапханасы; ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: М.О. Әбдікәрімов; Н.А. Искалиева; Б.Қ. Оспанова; Ә.Ш. Сәйдембаева; Е.Е. Сайлаубай. – Астана-Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы РК, 2015. – 74 б.

Каталогта Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтарға арналған монографиялар, ғылыми-практикалық конференция материалдары, естеліктер, күнделіктер, көркем әдеби кітаптар мен басқа да құжаттар көрсетілген. Каталогқа 2004-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында жарияланған және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына түскен кітаптар енгізілген. Каталог Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай шығарылған.

Мұстафа Шоқай: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; жоба жетекшісі және кіріспе сөзін жазған К.Л. Есмагамбетов; идея авторы Ә. Бәкір; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Д.А. Қыстаубаева, Сефа Хекимоглы; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2015. – 414 б.

Көрсеткіш қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді күрескері, көсемсөзші Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған. Бұл еңбекке 1916 жылдан бастап 2015 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңде баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. 
Көрсеткіш Қазақстанның және Орта Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеушілерге, саясаттанушыларға, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Бердіғалиева Роза (1945-2015) = Бердигалиева Роза (1945-2015): библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст: Д.А. Қыстаубаева, Ә.Ш. Сәйдембаева; ред. Б.К. Оспанова. - Алматы, 2015. - 126 б. - қаз., орыс тілдерінде.

Библиографиялық көрсеткіш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның кітапхана ісі саласының көшбасшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бердіғалиева Роза Аманғалиқызының 70 жасқа толуына арналған. Көрсеткішке 1970 жылдан бастап 2015 жылдың наурыз айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды. 
Көрсеткіш мәдениет саласының қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.   

  
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы = Тлендиев Нургиса Атабайулы: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы; құраст.: Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2015. - 545 б. – қаз., орыс тілдерінде. (Қазақстан өнері = Искусство Казахстана).

Көрсеткіш композитор, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық Қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысына қатысушысы Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының 90 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1951 жылдан 2015 жылдың наурыз айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады. 
  


Археология және Қазақстан этнологиясы: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; алғы сөзін жазған А.Ш. Алтаев; құраст. М.К. Әбілова; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2015. - 405 б.

Көрсеткіште ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстан археологиясы мен  этнологиясының мәселелері бойынша революцияға дейінгі кеңестік, шетелдік және отандық зерттеушілердің ізденістерімен байланысты әдебиеттер қамтылған. Библиографиялық көрсеткішке 1922 жылдан 2015 жылдың қаңтар айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген әдебиеттер, кітаптар, кітап және журнал мақалалары, ғылыми еңбектер, диссертациялар енгізілген. Библиографиялық құрал тарихшыларға, археологтарға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға және жалпы оқырман қауымға арналған.