23 қыркүйекте 2013 жылғы Баку қаласында Әзербайжан Ұлттық кітапханасының 90-жылдық мереке тойы аясында М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының мұражайының салтанаты ашылу және 3-ші Баку Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің болып өтті, сондай-ақ Еуразия Кітапхана Ассамблеясы (ЕКА) мүшелерінің ХҮ Жалпы жиналысы өткізілді. Пленарлық мәжілісте ЕКА мүшелері: 2015 жылға дейінгі Ассамблеяның барлық мүшелері қызметінің келешек даму жоспарларын, ТМД қатысушы елдерінің шекаралық кітпаханаларының базасында ақпараттық-кітапханалық кеңістікті іске асыру жоспарын; «Купола Содружества», «Золотая Коллекция Евразии» және т.б. жобалары бойынша жүргізілген жұмыстарды талқылады. Достастыққа қатысушы-елдерді гуманитарлық ынтымақтастығының (МФГС) құқықтық базасын жетілдіру, баспа өнімдерін өзара алмасу үшін қолайлы жағдай туғызу туралы Келісім жобасы (МКО және МБА), ЕКА-ның өткен жылғы қызметі де қаралды. Сондай-ақ 2014 жылы ЕКА-ның XVI Жалпы жиналысын өткізу мерзімі мен орны белгіленді.