2013 жылғы 16 тамызда Сингапурде жыл сайынғы ИФЛА конференциясы болып өтті. Конференцияның жалпы тақырыбы - "Болашақ кітапханалар: Шексіз мүмкіндіктер" жаңа технологияларды және өзге де кітапханалық инновацияларды пайдалану негізінде заманауи кітапханалардың даму келешегіне жарқын көзқарасты байқатады. «Caucus CIS» бойынша ИФЛА-ның Тұрақты комиссиясының кеңейтілген мәжілісінде ҚР Ұлттық кітапхананың Бас директоры Г.К.Балабекова "Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының халықаралық қызметі" тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ Конференцияда ИФЛА-ның 2013-2015 жж. жаңа президентін сайлау өткізілді - оған Синикка Сипила (Sinikka Sipilä) ханым сайланды.
Конгресс жұмысы мен жаңалықтары туралы толығырақ ақпаратты (орыс тілінде қоса), сұхбаттар, суреттер, бейнекөріністер, блогтар және т.б мәжіліс материаларын Интернеттегі «ИФЛА 2013 в интерактивном режиме» желісінен алуға болады.