+7 (727) 267-28-83

сакшылык гл2024 жылғы 4 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі, ақын Маймақов Айболат Тілеубайұлының «Сақшылық өмір сабағы» атты оқу құралы жинақ-кітабының таныстырылымы өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР ІІМ М. Есболатоватындағы Алматы академиясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтаусөзбен ашып, әрі қарай шараны модератор, ақын Мұратхан Шоқан жүргізді.

Айболат Тілеубайұлының «Сақшылық өмірсабағы» атты кітабында автордың полиция қызметімен сала мамандарын даярлау жолындағы ұстаздық қызметін ұштастырған елеулі еңбектері, ой-толғамдары, көңіл сырын шерткен сан алуан тақырыптағы өлең-жырлары мен әсерлі естелік-әңгімелері топтастырылған.

Шығарма этнопедагогика негіздерін, ұлттық құндылықтарымыз бен патриоттыққа қалыптастырушы еңбектер жинағы.

Түсінікті, жатық тілмен жазылған кітап «Полиция – ел айбыны», «Этнопедагогиканың полиция кадрларындаярлаудағы ерекшеліктері», «ІІО ардагерлерінің жас қызметкерлердің қалыптасуындағы ролі», «Адамгершілік адамзат құндылықтарының шыңы», «Отан отбасынан басталады» деген 5 бөлімнен тұрады.

Шара аясында Айболат Тілеубайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, аталмыш кітаптың 5 данасыҰлттық кітапхана қорына табысталды.

Қатысушылар: ҚР Ішкі істер министрлігінің, қала, аудан әкімдігінің өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, ІІО, ҚК қызметкерлері мен ардагерлері, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ұжымы, Қарулы Күштер оқу орындары мен басқада жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар, курсанттар, БАҚ өкілдері және т.б.

сакшылык3   сакшылык2   сакшылык6   сакшылык1
сакшылык5   сакшылык8   сакшылык7   сакшылык4

 

Кітап шоу - 2024