+7 (727) 267-28-83

Дойл гл

Әлем әдебиеті қызметінде ең танымал кейіпкерлердің бірі – детектив Шерлок Холмсты жазған көрнекті ағылшын жазушысы, дәрігер Конан Дойлдың туғанына 165 жыл толуына орай «Артур Конан Дойлдың ғажайып әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Артур Конан Дойл 1859 жылы 22 мамырда Эдинбургте ирландиялық католик отбасында дүниеге келген. 1881 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетін бітіргеннен кейін ол біраз уақыт Саутсиде тәжірибеден өтті. Артур Конан Дойл ХІХ-ХХ ғасырлардағы ағылшын әдебиетіндегі неоромантизмнің жарқын өкілдерінің бірі. Ол әлемге қиял-ғажайып, шытырман оқиғалы, тарихи және әзіл жанрындағы бай әдеби мұралар қалдырды.

1882 жылы А. Дойл кандидаттық диссертациясын қорғап, медицина ғылымының докторы атанды, бірақ 30 жасында ол дәрігерлік кәсіпті тастап, әдеби шығармашылықпен айналысады. Оның «Тайна долины Сэсасса» (1879), «Американская история» (1879), сондай-ақ, «Блуменсдайкский овраг» және «Мой друг-убийца» атты алғашқы әңгімелері журналдарда жарияланды. Ол көп саяхаттап, Арктикада кит аулайтын кемеде кеме дәрігері ретінде тәжірибеден өтеді және Ағылшын-бур соғысы кезінде (1899-1902) далалық хирург болып қызмет атқарады.

1886 жылы Конан Дойл Шерлок Холмс туралы роман жазуға кіріседі. Романы алғаш рет 1887 жылы Битон журналында «Этюд в багровых тонах» деген атпен жарияланды. 1888 жылы роман Артурдың әкесі Чарльз Дойлмен суреттелген жеке басылым ретінде басылып шықты. Шерлок Холмс пен доктор Уотсонның шытырман оқиғалары төрт повесть пен бес әңгімелер жинағын қамтиды. «Знак четырех» (1890), «Приключения Шерлока Холмса» (1891), «Записки Шерлока Холмса» (1893), «Собака Баскервилей» (1902), «Возвращение Шерлока Холмса» (1905) және «Долина ужасов» (1915). 1912 жылы Дойл «Затерянный мир» деп аталатын көпшіліктің көңілінен шыққан қызықты қиял-ғажайып повестін жазды, кейін ол бірнеше фильмдерге түсірілді.

Жазушының экрандалған шығармасының көпшілігі Шерлок Холмсқа арналған. Сонымен қатар, Артур Конан Дойлдың басқа шығармаларына да кино түсірілді. Оның қаламынан «Открытие Рафлза Хоу» (1891), «Маракотова бездна» (1927) және т.б. фантастикалық романдар мен әңгімелер жазылып шықты. 1926 жылы «Истории спиритизма» екі томдығы жарық көрді. Дойл прозадан басқа өлеңдер де жазып, өзінің үш өлең жинағын шығарған.

Жазушы 1920 жылдардың екінші жартысын саяхаттап, барлық құрлықтарды аралап, белсенді журналистік қызметін тоқтатпастан өткізді. Конан Дойл 1930 жылы 7 шілдеде Кроборо қаласындағы (Суссекс) өз үйінде жүрек талмасынан қайтыс болды.

1910 жылдардың екінші жартысынан бастап өмірінің соңына дейін Дойл спиритуализм идеяларының белсенді жақтаушысы әрі насихаттаушысы болды. Жазушы замандастарының жадында детектив жанрының теңдессіз шебері, Эдгар По ізбасары, шытырман оқиғаға әуес, консервативті патриот, өнертапқыш, саяхатшы, кит аулаушы және мистик болып қалды. Әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін Артур Конан Дойл дворяндық және рыцарь атағын алды. Конан Дойлдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Олар бірнеше рет экрандалып, фильмдер түсірілген.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан А.К. Дойлдың шығармалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қойылды.

Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

Кітап шоу - 2024