+7 (727) 267-28-83

дети глАлматы қаласы Мәдениет басқармасының 2024 жылғы 8 сәуір - 8 мамыр аралығында жариялаған «АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» атты экологиялық науқаны аясындағы жалпыұлттық экологиялық тазарту шарасын қолдау мақсатында 2024 жылғы 18 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесінің белсенді мүшелері № 1 облыстық балалар үйіне барып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Экологиялық науқанның басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті дәріптеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

Қайырымдылық шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Ұлттық кітапхана жастары бірлесіп, «Табиғатты қорғау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Онда Ұлттық кітапхана жастары «Экология және мен» тақырыбында бірнеше кезеңнен тұратын зияткерлік ойынын ұйымдастырып, «Табиғат аясындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Сонымен қатар, мультфильм кейіпкерлері бойынша сергіту ойыны ойнатылып, балалармен флешмоб ұйымдастырылды.

Ойын барысында белсенділік танытқан балаларға ынталандыру сыйлықтары және тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Қайырымдылық шарадан кейін кітапхана жастары балалар үйінің ауласын тазарту жұмыстарын жүргізді. Көшеттер отырғызылып, бордюрлер боялып, аула қоқыстан тазартылды.

дети1   дети2   дети6   дети3
дети4   дети5   дети8   дети7

 

Кітап шоу - 2024