Әлем әдебиеті залында француз жазушысы, прозашы, еуропалық әдебиетте реализмнің негізін қалаушы Оноре де Бальзактың 225 жылдығына арналған «Оноре де Бальзактың көркем әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оноре де Бальзак 1799 жылы 20 мамырда Францияның Тур қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен Бальзакты адвокат ретіндегі мансапқа дайындады. Сол үшін ол Вандом колледжінде, Париж заң мектебінде оқып, кейін нотариуста хатшы болып жұмыс істеді. Алайда ол көп ұзамай өзін әдебиетке арнады.
Жазушының шығармашылығы 1820-1830 жылдары гүлденудің шарықтау шыңына жетті. Бұл романтизм рухындағы романдар болды. «Бальзак» атымен жазылған алғашқы кітабы 1829 жылы жарық көрді. Бұл «Шуандар» тарихи романы болды. Осыдан кейін ол сыншылардың назарын аударған көптеген шығармалар мен әңгімелер жазды. Бальзак өзін қоршаған айналасындағылар - Париж бен Француз провинциясының, кедейлер мен ақсүйектердің өмірі туралы жазды. Оның романдары сол кездегі Франциядағы әлеуметтік қайшылықтардың тереңдігін және әлеуметтік мәселелердің ауырлығын ашатын философиялық романдар болды. Бірте - бірте Бальзак өзі жазған барлық романдарды «Адам комедиясы» деп аталатын бір үлкен циклге біріктірді. Цикл үш бөлікке бөлінеді: «Адамгершілік туралы этюдтер» (бұл бөлімге «Куртизанкалардың жарқырауы және кедейлігі» романы кірді), «Философиялық этюдтер» («Шегірен былғары» романы кірді), «Аналитикалық этюдтер» (автор бұл бөлімге көбіне «Луи Ламбер» сияқты өмірбаяндық шығармаларды енгізді). Бальзактың шығармашылығы көптеген басқа да талантты жазушыларға, соның ішінде Диккенс, Золя, Достоевскийге әсер етті. 1845 жылы Бальзак Құрмет легионы орденімен марапатталды.
1832 жылы өзінің болашақ әйелі, поляк жер иеленушісі және орыс соты Эвелина Ганскаямен танысты. Өмірінің соңғы жылдары Оноре де Бальзак Верховна ауылындағы әйелінің үйінде тұрды. Ұлы жазушы 1850 жылы 18 тамызда Парижде қайтыс болып, Пер Лашез зиратында (Франция) жерленген.
Бальзактың өмірі мен шығармашылығы туралы көркем фильмдер мен телехикаялар түсірілген, соның ішінде: «Большая любовь Бальзака» мелодрамасы (Польша-Франция, 1973). Францияда бірнеше мұражайлар бар: Париждегі үй мұражайы, Луара алқабы Саша сарайындағы Бальзак мұражайы (Тур қаласы). Жазушының құрметіне Әлемнің көптеген елдерінде пошта маркалары шығарылды, түрлі қалалардағы көшелерге есімі берілді.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан автордың қазақ, орыс, болгар, француз, ағылшын тілдеріндегі:«Евгения Гранде» (1968 ж.); «Собрание сочинений в 10-ти томах» (1987 ж.); «Отец Горио» (1979 ж.); «Шагреневая кожа» (1982 ж.); «Үзілген үміттер» (1985 ж.); «Утраченные иллюзии» (1987 ж.); «Эликсир долголетия» (1987 ж.); «Покинутая женщина» (2003 ж.) және т.б. шығармалары ұсынылған.
Сондай-ақ, жазушының шығармашылығын зерттеушілердің: А.Пузикова «Оноре де Бальзак» (1955 ж.); А.Гербстмана «Биография писателя» (1972 ж.); С.Ваймана «Бальзаковский парадокс» (1981 ж.); «Бальзак в воспоминаниях современников», серия литературных мемуаров (1986 ж.); А.Труайя «Оноре де Бальзак» (2006 ж.) кітаптары ұсынылған.
Баршаларыңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!