+7 (727) 267-28-83

наурыз гл29 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» атты Наурыз тойы өтті.

Наурыз тойдың мақсаты – ұлттық дәстүрімізді ұлықтаумен өтетін «Наурыз» мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысы, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық ойын түрлері насихаттау.

Жастарды қазақтың әдет-ғұрпын, тілі мен дінін құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.

Ұлттық нақышта безендірілген аулада мерекелік көңіл-күймен Наурыз тойын тойлауға кітапхана әкімшілігі мен құрылымдық бөлімдерден құралған ауылдар тойлауға жиналды.

Шара аясында «Береке», «Қуаныш», «Бірлік», «Молшылық» ауылдары халық әндерін кезекпен орындап, эстафета жолдады.

Биылғы өткізілетін айтулы оқиғалардың қатарында Президентіміз Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ел назарында болмақ дегендей, Наурыз тойда кітапхана жастары Ұлттық ойын түрлерін насихаттауда өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында кітапхана жастары мен барша ұжым «ҚАРА ЖОРҒА» биін бірге биледі.

наурыз 1   наурыз 2   наурыз 9
наурыз 4   наурыз 5   наурыз 6
наурыз 3   наурыз 8   наурыз 7