+7 (727) 267-28-83

райыс гл2024 жылғы 27 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақытжан Райыстың «Ботакөзі төңкерілген дүние» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.

Шараның модераторы Қазақстан Жазушылар одағы Поэзия кеңесінің төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әділғазы Қайырбеков. ⠀

Кеште ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Тұрысбек Сәукетай; Қазақстанның құрметті жазушысы, танымал тележурналист, саңлақ сатирик Доқтырхан Тұрлыбек; ақынның курстасы, филология ғылымдарының докторы Мырзаберген Малбақов; Катонқарағай Ұлттық паркінің басшысы болған, ақынның ағасы Жанкелді Ахмадиев; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қасымхан Бегман; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, ақын, ғалым Бауыржан Жақып тұсакесер рәсімін жасап, «Ботакөзі төңкерілген дүние» атты кітапқа кенінең тоқталды. ⠀

Сондай-ақ, ақынның курстас достарының атынан: белгілі саясаткер Дос Көшім; филология ғылымдарының докторы Мырзаберген Малбақов пен Рахима Зұлбұхарова, ақынның ақын сіңлілері: Гүлманат Әуелхан мен Назым Сіләмқызы жылы лебіздерін білдірді. ⠀

Ал, сазгер Гүлнәр Шәмшиева мен Өскеменнен арнайы келген әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Гуля Касенова әннен шашу шашты. ⠀

Қатысушылар: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, басқарма мүшелері, ақын-жазушылар, ақынның оқырмандары және т.б.

райыс1   райыс2   райыс3
райыс4   райыс6   райыс5