+7 (727) 267-28-83

сатира гл2024 жылғы 26 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Сатира кеңесінің төрағасы Балғабек Қыдырбекұлы және «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты Ермахан Шайхыұлының «Сатира сарқыты», түрік тілінде шыққан «Әйелім базарда» және балаларға арналған «Медина мәзірі» атты кітаптарының таныстырылымы өтті.

Шараның модераторы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Қансейіт Абдезұлы.

Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын, журналист, этнограф Қасымхан Бегманов; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып; жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш; ақын Жұмаш Кенебай; филология ғылымдарының докторы, профессор, прозашы, жазушы Кәкен Қамзин сөз сөйлеп, аталған кітаптардың тұсауын кесті.

Сондай-ақ, Ермахан Шайхыұлының қаламдас достары, әріптестері, жерлестері және шәкірттері құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Қатысушылар: Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, студенттер, магистранттар, докторанттар, БАҚ өкілдері және т.б.

сатира1   сатира2   сатира3
сатира4   сатира5   сатира6