7 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «АСЫЛ ӘЖЕ» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегелі тұстарын күнделікті өмірде пайдалану.
Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінен байқауға өнерлі де өнегелі 5 әже қатысып, үміткер атанды.
Әділқазылар алқасы қатысушыларды негізгі 3 кезең бойынша бағалап, «Асыл әже» атағы мен 4 номинацияның иегерлерін анықтады.
- КАЛХОЖАЕВА ГҮЛЬНАР АЛАЙДАРҚЫЗЫ – «АСЫЛ ӘЖЕ»
- ШОМАНОВА АИДА МҰРАТҚЫЗЫ – «ӨНЕРПАЗ ӘЖЕ»
- МАНАПБАЕВА БИБІГҮЛ КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ – «ТАЛҒАМПАЗ ӘЖЕ»
- ДУШОВА БАҚТЫҒАЙША БАҒДАТҚЫЗЫ – «ЗАМАНАУИ ӘЖЕ»
- ШЕКЕРБЕКОВА РАЙХАН ҚАШҚЫНҚЫЗЫ – «САЛИҚАЛЫ ӘЖЕ»
Жеңімпаздар арнайы Дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.