+7 (727) 267-28-83

симашко

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы  оқу залында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург және аудармашы Морис Давидович Симашконың 100 жылдығына орай «Проза жанрының суреткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

М.Д. Симашко 1924 жылы 18 наурызда Одесса қаласында дүниеге келген. Мектептен кейін ол екі жылдық мұғалімдер институтына орыс тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсті. Соғыс жылдарында Морис Мара қаласының жанындағы түрікмен-иран шекарасында әскерде қызмет етті (ежелгі Мерв қаласының атымен аталған), бұл кейінірек оның әдебиетке деген  құштарлығын оятады.

Соғыстан кейін 1946 жылы Одесса педагогикалық институтын аяқтады. Алдымен өз туған жері Одесса қаласында оқытушы болып, кейін Мара қаласында, ТАСС штаттық репортерінде, «Советская культура», «Учительская газета» газеттерінде жұмыс жасады, сонымен қатар, «Простор» журналында және Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді, қазақ Пен-клубын басқарды. Ол кітаптарды қазақ тілінен орыс тіліне аударып, көрнекті қазақстандық жазушы болды.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында жұмыс атқара отырып, Симашко патшайым Екатерина II-нің француз тілінде Вольтермен хат-хабарлары жазылған 10 томдық кітабын тапты. Оның жазбалары, күнделіктері аударылған кезде, ол ұлы орыс патшайымы туралы «Семирамида» романын жазу идеясы туды. 1999 жылы «Семирамида» романы үшін Симашканы Қазақстан Жазушылар одағы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды. М.Семашко - қазақстандық президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты және И.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін 1986 жылғы Абай атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. «За победу над Германией», «ХХ лет Победы», «ХХХ лет Победы» медальдарымен марапатталған.

Оның сценарийлері бойынша он шақты фильм түсірілді.  Олар: «Случай в Дашкале», В Черных Песках», «Султан Бейбарс» және т.б. «Гу-Га» - майдангер Морис Симашконың Екінші дүниежүзілік соғыстағы бас бостандығынан айырылған он жылға тұрарлық бір айлық қызметіндегі батальондар туралы кітабы болды, осы туындының негізінде Одесса киностудиясында екі бөлімді фильм түсірілді.

Кітап көрмесі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: «Бірегей көркемсөз шебері Морис Симашко» М.Симашконың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар: энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалықтар және ол туралы әдебиеттер.

«Ұшқыр ойлы қаламгер» атты екінші бөлімі оқырмандарды жазушының әйгілі шығармаларымен таныстырады: «Хроника царя Кавада» (1968), «Комиссар Джангильдин» (1978), «Колокол» (1982), «Гу-га» (1982), «Семирамида» (1988), «Четвертый Рим» (2013), «Кочевники» (2015) және т.б. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Кітап көрмесінің мақсаты – М.Симашконың шығармашылық қызметі мен шығармаларын таныстыру және насихаттау, Қазақстан әдебиеті мен драматургиясының дамуына зор үлес қосқан жазушының белгілі тұлғасына оқырмандар назарын аудару.

        Кітап көрмесіне шақырамыз!