+7 (727) 267-28-83

1наурыз

О. Жандосов атындағы оқу залында «Қазақстан кітаптары» қызметі 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – ардың ісі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына  сәйкес   Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 1 наурыз – алғыс айту күні болып  бекітілді. Алғыс айту күні - барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, мейірімділік пен достық мерекесі болып табылады. Мереке қазақстандық патриотизмнің, достықтың, мәдени әртүрліліктің ұлы күніне айналды. Шынында да, Қазақстанда тұратын жүз отыздан астам этностың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, ол біздің біртұтас ұлтымызға теңдессіз басылымдылық береді. Қазақстан ұлттық қақтығыстардан азат аумаққа айналды. Экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар этносаралық тыныштық пен үйлесімділіктің арқасында тұрақтанды.

Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Көрменің бірінші бөлімі: «Алғыс – ризашылықтың асыл қасиеті!» Алғыс айту күнінің тарихы туралы материалдарды қамтиды: энциклопедиялар, «Баталар» (1992), «Бабалар сөзі-даналық көзі» (1996),  «Қазақтың бата-тілектері мен өсиеттері» (2007), «Қазақ әдебиетінің тарихы» Т.10 (2008), «Бата – сөздің анасы» (2013), «Алғыс» (2019).

«Қайсар рухты қырандар» атты екінші бөлімде қазақстандықтардың ерлік пен батылдық істерін, еліміздің өрт сөндірушілерінің ерлігін, Қазақстанның даңқын әлемдік аренада асқақтатып жүрген жерлестерімізді бейнелейтін кітаптар, мерзімді басылымдар және фотоматериалдар ұсынылған олар: «Айбын» (2011), «Жартасты жастанған жасақ» (2018), «Қайсар рухты қырандар» (2014).

Үшінші бөлім «Ынтымағы жарасқан Қазақ елі» оқырмандарды республика аумағында тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың тарихы мен өмірі туралы материалдармен таныстырады. ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінен: "Қазақстан корейлерінің тарихы мен мәдениеті" (1995), "Қазақстан немістерінің тарихынан" (1997), "Қазақстан – қара шаңырағым" (2015), "Алматы этностары" (2015) мерзімді баспасөз беттерінде түрлі кітаптар мен мақалалар ұсынылған, "Алматы – мен тұратын қала" (2016), "Менің Отаным – Қазақстан" (2016) және т.б.

Кітап көрмесінің мақсаты - оқырмандардың бойынан азаматтық патриотизмді қалыптастыруға, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ұялатуға, оның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге ықпал ету.

Алғыс айту күнін атап өту арқылы Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған қоныс аударушыларды қабылдап, өмірін сақтап қалған қонақжай әрі  жомарт мемлекет болып табылады.

Алғыс айту күні уақыт өткен сайын халқымыз үшін өте үлкен мағынаға ие болып, қазақстандықтардың өміріндегі аса маңызды күнге айналуда.

 

            Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!