+7 (727) 267-28-83

затаевич

Өнер бөлімінің оқу залында композитор, ғалым-этнограф, фольклоршы, қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаушы, түрлі халықтардың дәстүрлі музыка үлгілерін зерттеуші және жинақтаушы, Қазақ КСР-ның тұңғыш халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің 155 жылдығына арналған «Халық мұрасын зерттеуші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Пианист және композитор А.Затаевич 1869 жылы 20 наурызда Орел қаласында дүниеге келген. Оның композиторлық шығармалары С.Рахманиновты қызықтырды. Ұлы композитор Затаевичтің көптеген шығармаларын жариялауға белсене атсалысып, тіпті оған «Алты музыкалық нөмір» музыкалық циклін арнады.

Қазақ дәстүрлі музыкасымен А.В. Затаевич алғаш рет 1920 жылы Орынбор қаласында, Еуропада танымал журналист және музыкалық сыншы, Ресейде өзін камералық музыканың авторы ретінде танытқан, алдыңғы қатарлы музыканттармен, дирижерлармен, композиторлармен кеңінен ауқымды қарым-қатынас жасап, жоғары мәдениетті адам ретінде танылды. Ол кезде музыканттың жаңаға деген әдеттегі қызығушылығы болатын. Бірақ, кейіннен әндердің мелодиялық байлығы мен музыканттар арасындағы танымалсыздығы Затаевичті қазақ фольклорын жинаумен және зерттеумен түпкілікті айналысу туралы шешімге итермеледі.

Оның еңбектері орасан құнды, өйткені онда тек музыкалық шығармалар ғана емес, сондай-ақ, халықтың тіршілігі, қазақтардың салт-дәстүрі, мінезі, тұрмысы туралы мәліметтер жинақталған.

Ол Қазақстан музыкалық фольклорының 2300-ден астам шығармасын жазды. А.Затаевичтің «Қырғыз халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925), «500 қазақ әні мен күйі» (Алматы, 1931), «1000 қазақ әні» (Мәскеу, 1963) жинақтары қазақ халық музыкалық мәдениетінің ежелгі заманнан бергі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы бірегей антологиясы болып табылатын қазақ фольклористикасы саласындағы маңызды ғылыми зерттеулер болып табылады.

А.Затаевич қазақ халық әнінің негізгі жанрларының тақырыптар бойынша жіктелуін жасады, олардың арасында эпикалық, тарихи, тұрмыстық, сайыстық, әзіл-сықақ.

Қазақстан тарихында алғаш рет А.Затаевич бірқатар көрнекті қазақ халық композиторларына сипаттама берді, солардың ішінде: Абай, Құрманғазы, Жаяу Мұса, Біржан сал, Мұхит, Дәулеткерей, Ыбырай және т.б. бар.

Қазақ өнері мен мәдениетінің көптеген шеберлерінің, соның ішінде: И.Байзақов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Қ.Байжанов, Т.Айтпаев, М. Шамсутдинованың талантын шыңдауды қалыптастыруға А.Затаевич шығармашылығының ықпалы зор. Оның ұсынысымен Париждегі әлем халықтарының этнографиялық концертіне Қазақстанның өнерін танытқан дарынды қазақ орындаушысы Әміре Қашаубаев жіберілді.

А.Затаевич - қазақ кәсіби фортепиано музыкасының негізін қалаушылардың бірі: ол «Фортепиано үшін миниатюралар түріндегі қазақ әндері» (1925-1928), «Қазақ маршы» (1931), «Үш қазақ әндері» 1951), «Қазақ халық тақырыптарындағы фортепианоға арналған пьесалар» (1957), «Балалар альбомы» (1958), «Түрлі халықтардың әндері» (1971), «Қырғыз аспаптық пьесалары мен күйлері» (1971).

Ол республика үкіметі 1923 жылы «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының халық әртісі» атағын берген алғашқы адам.

А.В. Затаевичтің өмірі мен қызметін еске алу үшін Алматыда мемориалдық тақта орнатылып, қаланың бір көшесіне оның есімі берілді.

Көрменің мақсаты - оқырмандарды қазақ халық шығармашылығымен және А.Затаевичтің шығармашылық мұрасымен таныстыру. А.Затаевич ХХ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық музыка мәдениетінің ұлы шыңы болып қала береді.

Кітап көрмесінде музыкант, этнограф, композитор Александр Затаевичтің өмірі туралы материалдар, ол туралы ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан материалдар ұсынылған.                                                                     

Кітап көрмесіне шақырамыз!