+7 (727) 267-28-83

невада гл2024 жылғы 28 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараның модераторы - белгілі журналист, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандаулетов Валерий Айтмұқашұлы болды.

Дөңгелек үстелде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Түркістан және т.б. облыстардағы өкілдері сөз сөйлеп, өңірлеріндегі «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жұмыстарына тоқталды.

Сондай-ақ, эколог, қоғам қайраткері, «Табиғат» экологиялық қозғалысыныңтөрағасы Мэлс Елеусізов, эколог Ералы Құттыбеков және т.б. эколог-ғалымдар сөз сөйлеп өз ойларын ортаға салды.

Шара аясында Алматы көлік және коммуникация колледжінің студенттері Олжас Сүлейменовтің өлеңдерін оқып, көрініс көрсетті.

Шараға ғалымдар, экологтар, студенттер, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

невада 2   невада 3   невада 1   невада 4