+7 (727) 267-28-83

клуб гл2024 жылғы 1 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында QAZAQ CLUB Алматы филиалының төрағасы Қонай Садықұлының Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға арналған Қазақ күнтізбесінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы – ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің кітапханашысы Біләл Ертай.

Тұсаукесер рәсімінде филиология ғылымдарының докторы, профессор, Ерден Қажыбек, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, қазақ телевизиясының ардагері Жұмаш Кенебай-Көкбөрі; «Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы және Алматы облысы Аналар кеңесінің басшысы Батагөй Ана Шәрипа Малғаджарқызы; «Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ұстаз, профессор Баян Ахметова; ақын, жазушы Майра Жылқыбаева; заңгер, қоғам белсендісі Дәмегүл қажы Өтепқызы; «Ұлағатты Әжелер» ансамблінің мүшесі Балапан Қәдірбекқызы сөз сөйлеп, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына тоқталды.

Шараға ғалымдар, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

клуб 1   клуб 2   клуб 3   клуб 4
клуб 7   клуб 6   клуб 5   клуб 8