+7 (727) 267-28-83

фараби гл

2024 жылғы 1 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында жазушы, журналист Болатбек Төлепбергеннің 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы журналистика және баспа ісі: дәстүр және жаңашылдық» халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған  көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты ─ қарымды қаламгерді халыққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақ пен оқырмандарды Болатбек Төлепбергеннің    шығармашылығымен таныстыру.

Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашылары Жұрманов Дамир Ерболұлы мен Мәлік Зарина Меирхатқызы кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Қатысушылар: ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және Болатбек Төлепбергеннің ұл қыздары, туған туыстары, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, университет оқытушылары мен студенттері, кітапхана мамандары мен оқырмандар және т.б.

фараби 1   фараби 2