2024 жылғы 19-23 ақпан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ақмола облысының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен 8 маман іс-тәжірибелік оқудан өтті.
Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік қызметінің жұмысымен танысты.
Оқу курсы отандық бағдарлама - Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізіліп, тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан "Алатау креатив хаб" мәдени-демалыс, кітапхана орталығына таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.