+7 (727) 267-28-83

школа гл

2024 жылғы 19-23 ақпан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының  Каталогизатор мектебінде Ақмола облысының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен 8 маман іс-тәжірибелік оқудан өтті. 

Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік қызметінің жұмысымен танысты.

Оқу курсы отандық бағдарлама - Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізіліп, тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан "Алатау креатив хаб" мәдени-демалыс, кітапхана орталығына таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

школа 1   школа2   школа3   школа4
школа5   школа6   школа7   школа8