+7 (727) 267-28-83

цифр гл2024 жылғы 21 ақпанда Р.Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында «Цифрландыру дəуіріндегі тіларалық коммуникациялар: Қазақстан Республикасының электрондық каталогтары мен мұрағаттары» конференциясы өтті.

Бұл шара кітапхана ісін цифрландырудың өзекті мəселелерін жəне қазіргі қоғамдағы тіларалық коммуникациялардың рөлін көрсетуге бағытталған. Конференция мəдениет жəне тіларалық коммуникациялар саласындағы жетекші сарапшыларды, Қазақстандағы аудармашыларды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, кітапхана жəне архив саласындағы мамандарды біріктірді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, IdDrive Center орталығы, Dialogue аудармашылар Одағы.

Конференцияға Ж.А.Макатова, ҚР Президент мұрағаты оқу-методикалық орталығының бас ғылыми қызметкері; Г.К.Иорданиди, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Қазақстандағы грек диаспорасының төрағасы; З.Шопышева, ҚР Президенті Әкімшілігінің кәсіби ілеспе аудармашысы, қатысты. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындары: Синергия университеті, КИМЭП, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ-Америка университеті, ІІМ Академиясы,  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы КазУМОиМЯ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар жəне инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева ашты. Диссертация бөлімінің жетекшісі Ж.А.Абенова «Формирование электронных коллекций и обеспечение сохранности документального наследия в Национальной библиотеке РК» тақырыбында баяндама жасады.                  

Спикерлер: психология  ғылымдарының докторы Ш.Қайырғали жəне әл-Фараби ат. ҚазҰУ докторанты Ә.Ержан шетелде үш тілде ілеспе аударма жасау,  сондай-ақ Еуропа, АҚШ жəне Азиядағы аударма технологиясы, мемлекеттік рəміздерді тіл жəне мəдениетаралық білім беруге біріктіру тəжірибелерімен бөлісті. Іс-шара ICMA əдістемесін қолданатын интерактивті бөлімін, шеберлік сыныбын, тіларалық коммуникация және аударма бойынша практикумды қамтыды.

Конференция аясында Ш.Қаирғали мен Ә.Ержанның кітап және авторлық басылымдарының көрмесі ұйымдастырылып, Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Ж.А.Тоқтарова қатысушыларды көрмемен таныстырды.

цифр1   цифр2   цифр4
цифр5   цифр6   цифр3