+7 (727) 267-28-83

13ж

13 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Р.А. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары университеттің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Бір ғасыр бір жыл» атты әдеби кеш өткізді. 

Әдеби кеш аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Мәңгілік махаббат жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қазақ жазушысы Ә.Нұршайықовтың шығармашылық және қоғамдық қызметін кеңінен насихаттау.

Іс-шараның модераторы филология ғылымдарының доценті Г.А. Мұсаева. Алғашқы сөзді «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі А.К. Рахимова мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанар Нұршайықова алды. Шара екі бөлімнен тұратын байқау форматында өтті.

Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовқа арналған өлеңдер.

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша «сұрақ-жауап» топтық сайысы.

Шара соңында байқаудың қорытындысы шығарылып, қатысушылар марапатталды. ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы С.Т. Жақсылықова кітапхана қорынан ұйымдастырылған «Мәңгілік махаббат жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мамандандырылған мектебінің студенттері, колледж студенттері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы мен шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты.

13ж2   13ж3   13ж1
13ж4   13ж5   13ж6

 

Кітап шоу - 2024