22 қарашада Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Мәдениет туралы» Заңының 9-бабының 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына сәйкес кітапхана қызметкерлері аттестациялаудан (І-кезеңі, тестілеу) өтті.
Аттестаттау олардың атқарып отырған лауазымдарына немесе біліктілік санаттарына және/немесе сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау үшін өткізілді.
Аттестациялауға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Қ. Оспанова аттестациялық комиссия төрайымы, Г.А. Маханбетова комиссия мүшесі ретінде қатысты. Сонымен қатар, «Ақжайық» облыстық телеарнасының «Күншуақ» телевизиялық бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында еліміздің кітапхана ісі саласы, Ұлттық кітапхананың тарихы, кітапханашы мәртебесі туралы және т.б. мәселелер қозғалды.