+7 (727) 267-28-83

конкурсЕң үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, үздік оқырманды анықтау әрі ынталандыру мақсатында ағымдағы жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім саласы мұғалімдері мен кітапханашылары арасында «Кітап оқы. Шабыттан» байқауы өткізілді. 

Байқауды ұйымдастырушылар: Алматы облысының білім басқармасы, Облыстық әдістемелік орталық және Қаскелең мәдениет колледжі. «Парасатты оқырман» жобасының мүшелері зияткерлік және шығармашылық шеберлік кезеңдері бойынша ұсынылған 30 кітап негізінде «Менің өмірімді өзгерткен шығарма» тақырыбында эссе, бейнеролик, трейлер, фото, жарнама түріндегі  материалдарын ұсынды.

Байқауға Есік гуманитарлық-экономикалық, Талғар агробизнес және менеджмент, Кәсіптік оқудағы көпсалалы, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік-техникалық, Сарыжаз кәсіптік-техникалық, Қонаев қаласының көпсалалы, Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық, «Аяжан» Қарасай, Шелек политехникалық, Қаракемер кәсіптік, Ұзынағаш медициналық, Көлсай кәсіптік-техникалық, Шонжы политехникалық, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар коледждерінен 37 педагог өз жұмыстарын ұсынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен «Шығармашылық шеберлік» атты ІІ кезеңде 10 қатысушы 30 кітап негізінде түсірілген бейнероликтерін, мәтіндік сүйемелдеу және сұрақтарға жауап беру арқылы материалдарын ұсынды. Қатысушылардың жұмыстарын ҚР Ұлттық кітапханасының және Қарасай ауданының кітапхана мамандарынан, «Түркі әлемі» телестудиясының жазушылары мен редакторларынан, оқу орындарының қызметкерлерінен құрылған Әділқазылар алқасы бағалады.

Эксперттік топтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ІІ кезеңге өтпеген қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттарымен, ал үздік деп танылған жұмыстар арнайы номинациялармен марапатталды, ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан кітаптар сыйға берілді.

конкурс1   конкурс3   конкурс4    
конкурс5   конкурс2   конкурс6    

 

Кітап шоу - 2024