+7 (727) 267-28-83

венгр

7 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында әйгілі венгр ақыны Шандор Петөфидің туғанына 200 жыл толуына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова А.Х. ашты.

Іс-шараны модератор  Нағаев Бейбіт Биманұлы  жүргізді.

Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Ференц Блауманн мырза құттықтау сөз сөйледі.

"Халықаралық Адам институтының" президенті Әкім Жанұзақ өз сөзінде қазақ және венгр тарихының өзара ықпалы, Шандор Петөфидің кітаптарын шығарудың жаңа жобалары туралы бірқатар мәселелерге тоқталды.

ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі С.В. Ананьева өз сөзінде Ш.Петөфи шығармашылығының маңыздылығын, венгр әдебиетінің рөлін, мәдениеттердің өзара ықпалын, ақын өлеңдерінің әлемнің көптеген тілдеріне аударылуындағы маңыздылығын атап өтті.

Іс-шарада белгілі ақын Қадыр Мырза Әлидің аудармасындағы «Шандор Петөфи: Махаббат пен бостандық» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.

Шараға қазақ жазушысы Қадыр Мырза Әлидің немересі – Д.Г. Мұхит қатысып, Ференц Блауманн мырзаға кітаптары мен альбомдарын сыйға тартты.

Венгрияның Алматыдағы консулы Петер Шиклош мырза өз сөзінде кештің маңыздылығын, Шандор Петөфидің әлем әдебиеті тарихында жарқын із қалдырған Венгрияның айтулы ақындарының бірі болып қала беретінін атап өтіп, қонақтарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Петөфи әлем төңірегінде» атты ақпараттық көрмемен таныстырды.

Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т. Тұяқова ақын Шандор Петөфидің кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорында венгр тіліндегі және Венгрия туралы 130-ға жуық басылым бар. Бұл басылымдар монографиялар, энциклопедиялар, мерзімді басылымдар. Көрмеде ақынның 1955 жылдан бастап әлемнің түрлі тілдеріне, 1966 жылдан бастап қазақ тіліне аударылған шығармалары мен аудармалары ұсынылды.

Іс-шарада Иштван Мандоки атындағы №154 мектеп оқушыларының және ҚР Ұлттық кітапханасы қызметкерлерінің орындауында қазақ, орыс тілдерінде Ш.Петөфидің өлеңдері оқылды.

Кеш қонақтары үшін венгриялық толықметражды «Кезбе әртістер» фильмі көрсетілді (реж. Пал Шандор, 2018 ж.). Кинопродюссер, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі Қанат Төребай фильм және режиссер туралы қысқаша ақпарат берді.

венгр7   венгр5   венгр6
венгр4   венгр3   венгр1   венгр2

Кітап шоу - 2024