+7 (727) 267-28-83

6қараша

6 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспанова және Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің жетекшісі Айнагүл Нұрсейтова Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіләлемдік қоғамның "Өзбекстанның мәдени мұрасы - жаңа Ренессанс негізі" атты VII халықаралық конгресінің 2-пленарлық отырысына қатысты.

Жиында Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.М.Мирзиеевтің Өзбекстан мәдени мұрасын сақтау насихаттау және зерттеу саласындағы бастамалары туралы бейнеролик көрсетілді.

Пленарлық отырысты профессор Юсуф Абдуллаев жүргізді.

Жиында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, IRCICA бас директоры Махмуд Эрол Килич, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаин Мустафоев, т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Жиын аясында Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіләлемдік қоғамның "Әлемнің 114 Қораны", "Шығыстың 100 көрнекті қолжазбасы", "Өзбекстанның тарихи тұлғалары шығыс миниатюраларында" жобалары таныстырылды.

6қараша1   6қараша2
6қараша3   6қараша4

 

Кітап шоу - 2024