+7 (727) 267-28-83

өзбекстан

5 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспанова және Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің жетекшісі Айнагүл Нұрсейтова Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өткен Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіләлемдік қоғамның "Өзбекстанның мәдени мұрасы - жаңа Ренессанс негізі" атты VII халықаралық конгресінің салтанатты ашылуына және бүкіләлемдік қоғам ғылым кеңесі мен басқармасының отырысына қатысты.

Жиында Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.М.Мирзиеевтің Өзбекстан мәдени мұрасын сақтау насихаттау және зерттеу саласындағы бастамалары туралы бейнеролик көрсетілді.

Модератор - Өзбекстан ҒА, Өзбекстан көркемсурет академиясының академигі, өнертану докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының өнертану институтының профессоры Акбар Хакимов.

Отырыста Өзбекстан Ғылым Академиясының президенті Бехзод Юлдашев, Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіләлемдік қоғамының төрағасы Фирдавс Абдухаликов; Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіл әлемдік қоғам төрағасының орынбасары Бахтиер Фазылов; Беруни атындағы Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бахром Абдухалимов; Ислам өркениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров; Ресей ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Ирина Попова; Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры, Өзбекстан Ғылым Академиясының академигі Анатолий Сагдуллаев; Өзбекстан Ғылым Академиясы Өнер тарихы институтының директоры Шакиржон Пидаев; Cultur-cooperation International e.V фондының директоры Кетлин Гёбель; үЯпониядағы Михо музейінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Лаптев және кеңес мүшелері құттықтау сөз сөйлеп, конгресс бағдарламасын бекітті.

өзбекстан1   өзбекстан2
өзбекстан3   өзбекстан4

 

Кітап шоу - 2024