+7 (727) 267-28-83

эмблема ата заң

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заң – Тәуелсіздік іргетасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Конституция күні - Қазақстанда жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл мереке Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге  деген  ұмтылысын көрсетеді.

Конституция – бұл ұлттың құқықтық басқа дереккөздерге қатысты, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі  құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Конституциясы бірнеше рет толықтырылып, өзгертулер енгізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтетінін жариялады. Президенттің айтуынша, түзетулердің мақсаты «жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына» көшу, суперпрезиденттік басқару нысанынан ықпалды парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшу.

Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімді тереңдету, оған өзінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге  және орындауға негізделген саналы көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

Кітап көрмесі екі бөлімнен тұрады. "Ұлы даланың ұлағатты заңдары" атты бірінші бөлімде  дала демократиясының алғашқы құқықтық заңдары туралы баяндалады. Бөлімнің мазмұнын қазақ қоғамының "Жеті жарғы" (1993), Ш. Уәлихановтың "Сот реформалары тұралы жазбалар" (2003) тарихи кезеңі туралы материалдар және «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген «Қазақтың ата заңдары» (2004) ,  «Дәстүрлі құқықтағы билер соты» (2008) құрайды,   сондай-ақ Конституция және заң жинақтары жинақталған.

«Конституция – тәуелсіздік тірегі» атты  екінші бөлімде қазақ және орыс тілдеріндегі конституциялық заң  кітаптары, олардың ішінде: «Тәуелсіздік тартулары» (2001), «Конституционное право Республики Казахстан» (2001), «Тәуелсіздік Қазақстан – егеменді мемлекет» (2004), «Этнос и религия» (2007)  сондай-ақ, академик Салық Зимановтың жетекшілігімен шыққан 10 томдық  құжаттар жинағы (2009) ұсынылған.

 Кітап көрмесіне шақырамыз!

Кітап шоу - 2024