+7 (727) 267-28-83

16.08 photo4

2023 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Qazaq tili» халықаралық академиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту институтының бірлесуімен «Орта мектепте қазақ әдебиетін оқытудың мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

Шараның модераторы – Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы.

Шара аясында филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбеков, филология ғылымдарының докторы, префессор Кәрімбек Құрманалиев және Алматы қаласы мектептерінің ұстаздары Керімбекова Баян, Нүсіпбекова Мейрамгүл, Ахметова Хабира, Шатемір Ақмарал, Қасымбекова Айсұлу тағы да басқа білім беру саласының білікті мамандары сөз сөйлеп, орта мектептердегі қазақ әдебиетінің оқытылуы мен оқулықтардың сапасы және тақырыптық бағдарлама жайында өз ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстел барысында қарастырылған мәселелер:

  • Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың мақсат-міндеттерін айқындау;
  • Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың және шығарма таңдаудың ұстанымы;
  • Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламасының жетілдірілетін тұстары;
  • Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде құрастырылған оқулықтардағы кемшіліктер;
  • Оқу мақсаттарының тек әдебиет теориясына негізделуі және әдебиет тарихының оқытылмауы;
  • Жаңадан түзетіліп ұсынылған бағдарлама жобасына қатысты ұсыныстар.

 Дөңгелек үстел оффлайн және онлайн форматта (zoom)  платформасында өтті.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, оқулық және бағдарлама авторлары,  жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, БАҚ өкілдері және т.б.

16.08 photo16.08 photo116.08 photo3

 

Кітап шоу - 2024