+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2023 07 17 at 12.50.21

14 шілдеде Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Аширова Фарида Гайдарқызы Alatau Creative Hub орталығында өткен "Махмұд Қашқари кітапханасы" түрік әдебиеті кітап бұрышының ашылуына қатысты. 

Іс-шараны Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, "TURKTAV" түркі тарихы мен мәдениеті қоры және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, "Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ директоры Мейрам Бектембаев, Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік мұрағаттар басқармасының директоры Угур Унал, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Ақынджи, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының білім беру істері жөніндегі атташесі Кираз Мехмет және басқа да өкілдер қатысты.

Түркия Республикасының 100 жылдығына арналған іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына, мәдени байытуға және Қазақстанның әдеби қоғамдастығын дамытуға ықпал ету.

Осы іс-шара аясында Түркия Республикасы Президенті аппаратының жанындағы Мемлекеттік мұрағат басшылығы Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты көрсететін тарихи құжаттардың көрмесін ұйымдастырды.

туркиия   туркия

 

Кітап шоу - 2024