+7 (727) 267-28-83

ОбложкаКітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение : мақалалар жинағы = сборник статей, 31 шығ. / ҚР Ұлттық кітапханасы. – Алматы, 2023. – 124 бет. – қазақ, орыс тілдерінде. Бас ред:  Б.Қ.  Оспанова; Редакциялық  алқа:  А.Х.  Юсупова, Б.Ж. Жүнісбеков, Г.А. Маханбетова (жауапты редактор).; Құрастырушы: А.Н. Шуленбаева.

Жинаққа балалар кітапханасының ақпараттық қызметі; кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары; кітапхана мамандарын даярлау мәселелері; білікті ардагер-библиограф  Е.О Любенконың тағылымды қызмет жолы; оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктері және олардың кітапхана ұсынатын қызметтердің тиімділігі туралы пікірлері; ИФЛА Азия-Тынық мұхиты өңірлік семинары бойынша жұмыстың қысқаша ақпараты мен негізгі тезистері; кітапханаларда орын алатын кітап ұрлау қылмыс деңгейін төмендету әдістері; Орта Азия мен Қазақстанның кітап ісі тарихы; Түркменистан ҒА-ның (Ашхабад қ.) Махтумкули атындағы тіл, әдебиет және ұлттық қолжазбалар институты қалпына келтіру және сақтау бөлімінің жұмысы туралы; Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының тарихы; ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы, сондай-ақ, қазақ топырағында пайда болған алғашқы кітапханалар туралы тарихи-археологиялық мағлұматтар баяндалған мақалалар енді.

Басылым кітапхана қазметкелеріне, кітапхана мамандығының студентеріне, кітаптанушыларға, еліміздің кітіапхана ісіне қызығушылық танытқан қауымға арналған.

 

 

 

 

 

 

Обложка 5

Наурызбаева Г.А. Кітапхана ісі тарихы: оқу құралы / Г.А. Наурызбаева. – Алматы: ЖШС Лантар Трейд, 2022. – 258 б.

Рецензенттер: Нұрланова Ә.Н., Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ) «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты; Бияров Б.Н., ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, филология ғалымдарының кандидаты.

«6В03202 «Мұрағаттану және кітапхана-ақпараттық ісі» мамандығына, «Кітапхана ісі тарихы» пәніне арналған оқу құралы оқыту әдістемесінің теориялық негіздері, жаңа бағыттары, кітапхана ісі тарихы туралы мәліметтер беруді көздейді. Әр тақырыптың соңында теориялық материалды бекіту үшін оқу материалын тиімді меңгеруге көмектесетін сұрақтар мен глоссарий ұсынылған. Бұл оқу құралы «6В03202 «Мұрағаттану және кітапхана-ақпараттық ісі» мамандығында білім алатын студенттерге және оқытушыларға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Обложка 6Национальные библиотеки стран СНГ: развитие партнерства: монография/ Н.П. Игумнова, С.П. Меньщикова, М.В. Нерюева; Ресей мемлекеті к-на; Халықаралық. акад. ақпараттандыру, «Кітапханатану» бөлімі; Кітап.Еуразия Ассамблеясы.- Мәскеу: Пашков үйі, 2021.-274, [1] б

Монографияда ТМД елдерінің Ұлттық кітапханалары ынтымақтастығының тарихы мен қазіргі жағдайы ұсынылған. Ұлттық кітапханалар мен мемлекетаралық әріптестік жүйесінің дамуының теориялық аспектілері, шарттары, факторлары, заманауи бағыттары мен үрдістері баяндалған. ТМД-на қатысушы мемлекеттер және Еуразиялық кітапхана қауымдастығы кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастық бойынша базалық ұйымы - Ресей мемлекеттік кітапханасының рөлі, сондай-ақ ынтымақтастық пен серіктестікті дамытудың заңнамалық базасы анықталады. ТМД елдерінің ортақ кітапхана кеңістігін одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар берілді.

Монография ТМД елдерінің кітапхана ісі және ақпараттандыру саласындағы басшылар мен мамандарға, сондай-ақ оқытушыларға, оқу орындарының студенттеріне, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің тыңдаушыларына пайдалы болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Обложка 7М 34 Книжные памятники в аспекте сохранности: пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі, шетел әдебиеті кітапханасы; [жауапты. Редакторлар Р.М. Сальникова, Е.В. Мимрина]. – М.: рудомино кітаптар орталығы, 2022. – 282 б.

М.И. Рудомино атындағы шетел әдебиеті кітапханасында жыл сайын өткізілетін «Сақталу аспектісіндегі кітап ескерткіштері» атты 6-шы пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары бойынша баяндамалар жинағы дайындалды. Конференцияның мақсаты - ресейлік және әлемдік әдістемелер, материалдар мен технологиялардың қазіргі даму тенденциялары аясында кітапхана қорларымен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби диалогын ұйымдастыру. Жинаққа кітап мәдени мұрасын сақтауға және ілгерілетуге байланысты ғылыми және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері ұсынылған баяндамалар енгізілді. Басылым реставраторларға, зерттеушілерге, кітапхана, мұрағат және мұражай қорларының сақтаушыларына, сондай-ақ көптеген оқырмандарға қызықты болады.