29 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұмытылмас күн!» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық кітапханасы және Ә. Бөкейхан «Алаш» ғылыми-зерттеу институты.
Дөңгелек үстел аясында Сейдәзім Қадырбайдың «Ақы заңы», Ж. Аймауытұлының «Дәмелі», М. Малдыбайұлының «Иман һәм намаз яки мұсылмандық», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Қасіретті жылдар» библиографиялық көрсеткіштерінің, Е. Тоқтарбайдың «Алаш сөзі», «Ұлтты оятқан ұлы сөз», Н. Бирайдың «А.Байтұрсынұлы», А. Байтұрсынұлының «Миллет мектебінің жүрегі», «Kardeş Kalemler», С. Қадырбайұлының «Kardeş Kalemler», Р. Сахыбекқызының «Asrın Adamı» кітаптарының тұсаукесер рәсімі мен таныстырылымы өтті.
Дөңгелек үстелді Ә. Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Qyr balasy қоғамдық қорының төрағасы, алаштанушы Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы жүргізді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
||||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |