26 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Халықаралық кітап алмасу жұмысы аясында әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі АҚШ-тың Конгресс кітапханасынан жаңа әдебиеттер алынды.
Кітаптар мазмұны жағынан кең ауқымды. Бұл әлемнің үздік ғылыми кітаптары - тарих, философия, экология, психология, медицина және т.б. ғылым салаларын қамтиды.
Осы кітаптардың ішінен қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жаһандық жылыну, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі, солардың ішінде «Exploring apocalyptica: coming to terms with environmental alarmism» (Апокалипсисті зерттеу: экологиялық дабылмен келісімге келу), «Oxford dictionary of scientific quotations» (Оксфорд ғылыми дәйексөздер сөздігі), «Developments in information security and cybernetic wars» (Ақпараттық қауіпсіздік пен киберсоғыс саласындағы жетістіктер), «Discursive psychology; classic and contemporary issues» (Дискурсивті психология: классикалық және замануи мәселелер), «Сompendium of the study of philosophy» (Философияны зерттеуге арналған жинақ, «Аstrolabes in medieval cultures» (Ортағасырлық мәдениеттегі астролябтар), «Mamluk historiographyrevisited: narratological perspectives» (Мамлюк тарихнамасына жаңа көзқарас: нарратологиялық перспективалар) туралы әдебиеттер.
Ұсынылған заманауи кітаптар үшін американдық әріптестерге алғысымызды білдіреміз.
Кітапсүйер қауымды бұл кітаптар таңқалдырады және шабыттандырады.
![]() |
![]() |
![]() |