19 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» атты «Open Аir-2023» фестиваліне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ақпараттық ресурстар және Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметтерінің жетекшілері Сыдықжанова Флора Өскенбайқызы мен Шоманова Аида Мұратқызы қатысты.
Шараның басты мақсаты – еліміздің руханиятын, мәдениетін, әдебиетін дамытуға бағытталған түрлі бастамалардың жүзеге асуын, мәдениет саласы мамандарының оның ішінде кітапханашылардың қосқан үлесін көрсету.
⠀
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, шетелдік делегаттар: Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа да мемлекеттер елшіліктерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, республиканың барлық облыстарынан келген мәдениет және өнер қайраткерлері және кітапханашылар қатысты.
⠀
Мереке барысында кітапханашылар мен мәдениет саласының ардагерлері марапатталды.
Фестиваль аясында кітап көрмелер шеберлік сабақтар, нетворкинг және түрлі іс-шаралар өткізілді.
⠀
Интерактивті оқыту аймағында Ұлттық кітапхана мамандары «Қазақстан: өткені мен бүгіні» атты библиографиялық дерекқорға мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпарат іріктеу және библиографиялау» және «Қазақстан кітапханаларындағы құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру» тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.
⠀
«Каталогизатор» және «Жазба құжаттарды консервациялау, қалпына келтіру» мектептері бойынша шолулар жүргізіліп, әдістемелік ұсыныстар берді.
⠀
Мамандар көптеген сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларды кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында Ұлттық кітапханаға оқуға шақырды.