5 мамырда Қазақ ПЕН клубы жарыққа шығарған кітаптарды кітапханаға сыйға тарту акциясы өтті.
Қазақ ПЕН клубының бұл әдеби жобасы - ұлттық әдебиетімізді әлем жұртшылығына насихаттау және ілгерілету мақсатында қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жазушылардың, қазақ классиктерінің шығармашылық мұрасын ағылшын тіліне аударып, оқырмандарға ұсыну.
⠀
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.
⠀
Сөз сөйлеген қонақтар: Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, «Құрмет» орденінің иегері, журналист Бигелді Ғабдуллин; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жазушы Смағұл Елубай; жазушы Раушан Бүркітбаева-Нукенова.
⠀
Кітапхана қорына қазақ классиктері мен ақын-жазушыларының, соның қатарында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың соңы» Олжас Сүлейменовтің «Сөз шифры», Мұқағали Мақатаевтың «Таңдамалы поэзиясы», Смағұл Елубайдың «Жалғыз сенің», Абайдың «GHAQLIA», Мұхтар Әуезовтың «Таңдағы ару» шығармалары, Герольд Бельгердің, Қажығали Мұханбетқалиев, Қалихан Ысқақов, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Бигелді Ғабдуллиннің АҚШ пен Англияда ағылшын тіліне аударылып, жарық көрген кітаптары сыйға тартылды. Бұл кітаптардың кітапхана қорынан лайықты орын алып, сан мыңдаған оқырмандар үшін баға жетпес рухани құндылық болатыны сөзсіз.
⠀
Сонымен қатар, жазушы Раушан Бүркітбаева-Нукенова «Табун лунных ночей», «Свет кочевой звезды» атты кітаптарын және тарих ғылымдарының докторы, профессор Мухамбедия Акишев «История цивилизации непокорной степи» атты кітаптарын өз қолтаңбаларымен кітапхана қорына сыйға табыстады.
⠀
Шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар және БАҚ өкілдері қатысты.