+7 (727) 267-28-83

28

29 желтоқсанында Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанның «Үздік 30 ауыл» және «Қандастар үлесі» кітаптарын Алматы қаласының 30 кітапханасына, оның ішінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға сыйға тарту рәсімі өтті.

Іс-шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі Мұратхан Шоқан жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар:  Арман Қалыбеков, Арман Сарынов, Абай Арап, Байұзақов Асхат, Қуанышбек Өнерхан, Балнұр Асқарқызы, Лаззат Исаева, Жанар Жеңіс.

Қатысқандар: кәсіпкерлер,  зағип және нашар көретін  азаматтарға арналған республикалық кітапхана, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және т.б.

281   282
283   284   285

 

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 311 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.