+7 (727) 267-28-83

Рахимова

15-19 қараша аралығында Мәскеу қаласының Ресей мемлекеттік кітапханасында «Достастық кітапханаларының білім беру ынтымақтастығы» жобасы бойынша жас кітапханашы мамандар білім алды, оған қашықтықтан оқу курсын сәтті тәмамдаған Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының маманы Рахимова Айбарша қатысты.

Жобаны Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, шетелде тұратын отандастар істері және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық (Россотрудничество) жөніндегі федералды агенттігі жүзеге асырды.

Жоба бағдарламасы «Байланыс менеджменті: басқару психологиясы», «Сандық орта және кітапхана», «Кітапханадағы инновация: іскерлік ойын, ми шабуылы» тақырыптары бойынша практикалық сабақтарды, сонымен қатар Ресей мемлекеттік кітапханасына, Жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасына, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасына, РМК Пашковтың үйіне және т. б. экскурсияларды қамтыды.

Қашықтықтан және күндізгі оқуды аяқтағаннан кейін Рахимова Айбарша біліктілікті арттырудың қосымша кәсіби бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы сертификаттар алды.

РА   РА1
РА3   РА2

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.