+7 (727) 267-28-83

отырыс

18 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті жұмыс отырысы өз жұмысын жалғастырды.

Кеңес отырысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М. Дәуешов қатысты.

Қазақстандық Кітапханалық Одақ кеңесінің мүшелері, қалалық және облыстық мәдениет басқармаларының басшылары, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы мен облыстық филиалдарының басшылары кітапхана саласына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда: еңбек қатынастары, заңнамалар, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, жалақыны көтеру.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы С.К.Иманқұлова сөз кезегін вице-министрге берді.

Өз сөзінде вице-министр Н.М. Дәуешов барлық қатысушыларды биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтап, бүгінгі кездесуді жұмыс барысындағы кездесу деп атап өтті. Сондай-ақ,қазіргі таңда барлық жерде идеология, мәдениет, білімге байланысты мәселелер қызу талқыланып жатқаны, 2022 жылдан бастап мәдениет саласын қаржыландыру кезең-кезеңімен өсетіндігі жайлы айтты. Кітапханаларда жастарды кітап оқуға белсенді тартуға арналған «Оқитын ұлт» жобасы жүзеге асуда. Ол сондай-ақ, кітапхана қауымдастығының бастамалары «Мәдениет туралы» Заңға сәйкес дамуы керек екеніне тоқталды.

отырыс1   отырыс2   отырыс3
отырыс4   отырыс5

 

Сайтта

Қазір сайтта 359 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.