+7 (727) 267-28-83

А1

5 қарашада  Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Әлем Халықтары Жазушылары Одағының Антологиясы» шығармалар жинағының бірінші кітабының тұсаукесері өтті.

 

Әлем Халықтары Жазушылар Одағының ұйытқы болуымен шығарылған антология жинағына ұйымдағы таңдаулы ақындардың шығармалары жинақталған.

Бұл жинақты құрастырудағы басты мақсат – бүгінгі таңда өлеңдері оқырманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген, сондай-ақ шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған дарынды қаламгерлер мен ұйым мүшелерінің өлеңдерін қазақ оқырмандарына жеткізу. Жинақтың алғы сөзін жазған - белгілі ақын, мәдениет қайраткері, Ш.Айтматов атындағы Халық-аралық әдеби сыйлықтың лауреаты Болат Шарахымбай. Құрастырушылар: Гүлхан Айтақынқызы, Ізтілеу Тойшыбайұлы.

Кітап жыр сүйер қауымға арналған.

Іс-шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы ашып, белгілі ақын, мәдениет қайраткері, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Болат Шарахымбай жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Сәбит Дүйсебаев, Ізтілеу Тойшы-байұлы,  Алмаша Аренова.

Сөз сөйлеген қонақтар:  Гүлхан Айтақынқызы, Ізтілеу Тойшыбайұлы, Сәбит Дүйсебаев, Мылтықбай Ерімбетов, Бек Зәкір, Меруерт Айтенова, Талап Қараш, Абдулхат Дулятов, Болат Құрманғазыұлы, Құрманғазы Демешов.

Тұсаукесер  аясында күйші, ақын, сазгер, ҚР мәдениет қайраткері Талап Қараш  күй тартып, әнші Айша Смағұлқызы ән тарту етті.

Жаңа кітап іс-шара соңында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері.

А2   А3   А4
А5   А6

 

Сайтта

Қазір сайтта 375 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.