+7 (727) 267-28-83

ТМ

26 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында экономикалық және саяси ғылымдарының докторы, Еуразиялық даму орталығының бас директоры Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осы кезең аралығында еліміздің маңызды оқиғаларына қатысты өзі дайындаған және жарыққа шығарған кітаптарының 2500 данасын кітапхана қорына сыйға тапсыру рәсімі өтті.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің кітапхана қорына сыйға тартқан кітаптары қоғамдық-саяси, тарихи және әдеби-көркем жанры бойынша өте бай. Оның ішінде «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен шыққан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, дипломат және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов туралы кітаптарды, сондай-ақ, «Еуразиялық интеграция», «Қазақстан және Ресей» ғылыми еңбектерін атауға болады.

Сонымен қатар, әдебиеттанушы-филолог, «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Мансурованың құрастыруымен Мәскеудің «Русский раритет» баспасынан «Ғасырлар даналығы» сериясымен жарық көрген қазақтың ұлы ақындары – Абай, Жамбыл, Мағжанның және «Абай мен Пушкин» таңдамалы шығармалары қалың оқырманның сұранысына ие болатыны сөзсіз.

Сөз сөйлеген қонақтар: Мансұров З.А., Мыңбай Д.Қ., Қасымжанов Б.Қ., Азимов С., Жақып Б.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және химия ғылымының докторы, профессор Мансұров Зұлхайыр Аймұхаметұлы.

Іс-шарада қонақтар мен оқырмандар үшін «Сан қырлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

Бұл тарихи және мәдени іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, оқырмандар, кітапханашылар және БАҚ өкілдері қатысты.

ТМ1   ТМ2   ТМ3   ТМ4
ТМ6   ТМ7   ТМ8
ТМ9   ТМ10

 

Сайтта

Қазір сайтта 904 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.