+7 (727) 267-28-83

Индия

16 маусымда Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Шубдаршини Трипати ханым және Үндістанның Алматыдағы өкілдігінің консулы Амит Кумар Мишра жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына келді.

Сапар барысында қонақтар Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы келісімге сәйкес 2005 жылы ашылған Үндістанның кітап бұрышымен танысты. Кітап бұрышы қоры әдебиетпен, альбомдармен, тарих, саясат, экономика, лингвистика, медицина, өнер, философия және т.б. туралы сөздіктермен жабдықталған.

Қазіргі уақытта кітапханада Үндістан және оның ұлттық ерекшелігі туралы ақпарат алуға жақсы жағдайлар жасалған. Үндістанның кітап бұрышындағы барлық кітаптар оқырмандарға еркін қол жетімді. Үндістанның Кітап бұрышын жаңғырту және дамыту үшін Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің қолдауымен жиһаз және техникалық жабдықтар 2020 жылы жаңартылды.

Кездесу кезінде директор Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қонақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тарихымен, қызметімен және Үндістан Кітап бұрышының жұмысымен, статистикасымен таныстырды, сонымен қатар мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

1И1   1И2   И1

 

Сайтта

Қазір сайтта 397 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.