+7 (727) 267-28-83

каталогизатор1

14-18 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының базасында құрылған Каталогизатор мектебі аясында Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының кітапханашы мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтуде.

Оқу барысында мамандар отандық Web-RABIS бағдарламасының жұмысы жайында теориялық және тәжірибелік сабақтар алады. ҚККО модулінде қазақстандық кітапханалардың корпоративтік каталогтау мүмкіндіктері көрсетіледі. ҚР Ұлттық кітапханасы жанынан құрылған Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығы қатысушы кітапханаларға библиографиялық жазбаларды корпоративті негізде құру және құжаттарды өңдеу процесінде олардың қайталануын болдырмау арқылы кітапханалардың электрондық каталогтарын құру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.⠀

Кітапхананың және әрбір қызметкердің жұмыс тиімділігін талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін барлық кітапханалық процестердің статистикалық көрсеткіштерін шығаруға ерекше назар аударылады.

Оқу барысының алғашқы күнінде тыңдаушыларға республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын ҚР Ұлттық кітапханасында экскурсия жүргізілді. Цифрлық технологиялар, құжаттарды қалпына келтіру, консервация және түптеу, сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімдерінің қызметіне баса назар аударылды.⠀

Батыс Қазақстан облысының мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының жанындағы Құжаттарды қалпына келтіру, консервация және түптеу мектебінің жұмысына қызығушылық танытты.

каталогизатор2   каталогизатор3   каталогизатор4
каталогизатор5   каталогизатор6   каталогизатор7
каталогизатор8   каталогизатор9   каталогизатор10

 

Сайтта

Қазір сайтта 247 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.