+7 (727) 267-28-83

ӘБ

9 маусым, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда ақын, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері Әбдіғани Бәзілханұлының «Талант, талғам, тағзым» атты кітабының тұсаукесері өтті.

«Талант, талғам, тағзым»  кітабында - әнші-термеші, ақын, композитор Мағауия Баймұқаметұлының өнері мен өмірі жайындағы шәкіртінің жүрекжарды ой-пікірлері мен естеліктері топтастырылған. Сондай-ақ, өнері иесінің шығармашылық болмысына, термелеріне жан-жақты талдау жасалып, баға берілген.

Естеліктер арқылы өткен ғасырдағы Қытайдағы қазақтардың өнері мен өмірі, салт-дәстүрі мен дүниетанымы, ұлттық болмысы мен тұрмыс-тіршілігінен құнды, маңызды мәліметтер алуға болады. Кітап жалпы оқырманға арналған.

Мағауия Баймұқаметұлы  (1956-2017) - ҚХР Іле қазақ автономиялы облысының Тоғызтарау ауданы Жырғалаң ауылында дәулетті отбасында дүниеге келген. Әр жылдары Жырғалаң ауылының бастауыш мектебінде мұғалім, ауылдық Мәдениет үйінің басшысы, Тоғызтарау аудандық Мәдениет сарайының қызметкері және басшысы қызметтерін атқарған. ҚХР-ның мемлекет дәрежелі терме мұрагері, Іле қазақ автономиялы облысының «Еңбегі сіңген термешісі», мемлекеттік 3-дәрежелі әртіс, Іле педагогикалық университетінің профессоры.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы  ашып,  журналист, сценарист Жарқын Сәленұлы жүргізді.  

Лента кесу рәсіміне қатысқандар:  Н. Мұхаметханұлы, Ж.Еңкебайұлы, Т. Зәменұлы,  К. Тәлімұлы, С. Әкірамұлы.

Сөз сөйлеген қонақтар:  тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы, Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы  Жұмахан Еңкебайұлы,  күйші-зерттеуші, Іле облыстық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Таухиддин Зәменұлы, ақын, Талғар  ауданының құрметті азаматы Кәмінұр Тәлімұлы, белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Рахым Айыпұлы, Талғар  аудандық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Мамырбекқызы,  ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Серік  Әкірамұлы, танымал ақын, ҚазҰУ-дың оқытушысы Мұрат Шаймаран,  ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әбдіғани Бәзілханұлы.  

 Іс-шара аясында дәстүрлі әнші, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Еркін Шүкімән, дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов Мағауия Баймұқаметұлының термелерін орындады.

Іс-шара соңында Автор өз қолтаңбасымен кітаптарын сыйға тартты.

Қатысушылар: әдебиетші-тарихшылар, өнертанушы-әншілер, ұрпақтары мен БАҚ өкілдері.

1ӘБ   1ӘБ3   1ӘБ1
1ӘБ2   1ӘБ4   1ӘБ5

 

Сайтта

Қазір сайтта 395 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.